+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Бақытжан Қанапиянов: Дәрігерлер, әскерилер, полиция қызметкерлері әр күнін ерлікпен өткізуде

2020 жылғы 1 сәуір 12:45
Бөлісіңіз:
Бақытжан Қанапиянов: Дәрігерлер, әскерилер, полиция қызметкерлері әр күнін ерлікпен өткізуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақын, «Парасат» орденінің иегері Бақытжан Қанапиянов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше барлық қазақстандық Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен үлкен әсер алды. Оның мәлімдемесін ақын, жазушы ретінде «Әрқайсымызбен бірге» деп сипаттар едім. Дәрігерлердің, әскерилердің, полиция қызметкерлерінің және карантинде отырған азаматтардың ерлікпен өткізіп жатқан күндері Мемлекет басшысының назарында. Халыққа, соның ішінде ең алдымен дәрігерлерге материалдық көмек көрсетіледі. Ақ халатты абзал жандар ХХІ ғасырдағы індет кезінде алдыңғы шепте келе жатыр. Әрқайсымыздың көкейімізде «Біз біргеміз» деген сөз тұр. Осылай жалғаса беруін тілеймін», - дейді ақын Бақытжан Қанапиянов.

Сондай-ақ, ол дәрігерлерге қандай көмек көрсетілетіні туралы тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы кешегі мәлімдемесінде «Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық» деді. Расымен де, дәрігерлер вирус жұқтырған адамдардың проблемамен жалғыз бетпе-бет қалмауы үшін күресіп, бар күш-жігерін салуда. Осы орайда үкімет те оларды материалдық, рухани тұрғыда қолдау көрсеткені қуантады», - деді ол.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT