Бақытымды қазақ жігітінен таптым - Тамара Салабекова

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бақытымды қазақ жігітінен таптым. Композитор Әуесхан Салабековтің жары Тамара осылай мәлім етті. Ақкөл ауылына келін болып түскен беларусь ұлтының өкілі Тамара Салабекова балаларын өсіріп жеткзіп, қазір немерелерінің сүйікті әжесіне айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Беларусь ұлтының қызы Тамара сонау 1982 жылы жолдамамен Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылына барған. Байланыс жүйесінің инженері мамандығын меңгерген ол аз уақыттың ішінде аудандық байланыс торабындағы жұмысты игеріп алып кетеді. Ақкөлдің ақкөңіл халқы оны жақын тартып, жергілікті тұрғындармен тез тіл табысыпты.

Өзінің айтуынша Тамара бір жылдың ішінде сол Ақкөлге келін болып түседі.

«Ақкөлге Елена деген құрбым екеуміз жолдамамен барған болатынбыз. Екеуміз де қазақ жігіттерімен көңіл жарастырдық. Мен музыка маманы, композитор Әуесхан Салабековтің жары атансам, құрбым Нұрхан Төлендиев деген жігіттің бақытына айналды. Әуесханның анасы Үрзада апама өз шешеме қарағандай, құрметпен қарадым. Ол кісі қазір 90 жаста, ортамызда бақытқа бөленіп отыр», - дейді Тамара Салабекова.


Оның күйеуі Әуесхан бірнеше ағайынды болған. Олар қазір екеуі егіз ұл-қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ата-ана. Бүгінде немерелерінің сүйікті ата-әжесі атанып отыр.

Айта кетейік, тараздық Әуесхан Салабеков «Хат жазып тұр», «Рахмет саған, туған ел» секілді көптеген танымал әндердің авторы.

«Қазақ халқына, оның ішінде ұлағатты әулетке лайықты келін болдым деп ойлаймын. Ұл-қызымыз Дәурен мен Әсел де музыкадан алыс емес. Қазақтың келіні болған соң, мемлекеттік тілді де, орыс, беларусь тілдерін де жақсы білемін. Отбасымыз да қазақша сөйлесіп, қазақтың ұлттық тағамы ет асып, мәре-сәре боп отырамыз. Мен өзімді бақытты санаймын. Әуесхандай азаматтың бағын жандырдым, ол да менің бағымды ашты. Мейірбан, дархан, жомарт көңілді қазақ еліне алғысым шексіз», - дейді Тамара ағынан жарылып.


Соңғы жаңалықтар