+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бақытты отбасының формуласы қандай – Оразгүл Асанғазының пікірі

2020 жылғы 16 қыркүйек 14:45
Бөлісіңіз:
Бақытты отбасының формуласы қандай – Оразгүл Асанғазының пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасы күні мерекесіне орай Ruh.kz ақпараттық-танымдық порталы қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразкүл Асанғазымен «Бақытты отбасының формуласы» атты тікелей эфир өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Тіл шебері»: Үш тілді меңгерген үздіктер анықталды

«Халқымыз «Отан – отбасынан басталады» дейді. Яғни әр отбасы мықты болғанда, мемлекет те мықты болады. Сондықтан, кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты – отбасының шаңғырағын биік, керегесін кең, табалдырығын берік жасау. Барлық жұмыстар, экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай отбасының, әрбір жеке азаматтың жағдайын жасауға ыңғайланады. Сондықтан отбасы – шағын мемлекет. Мемлекет әрбір отбасынан құралады. Оның жауапкершілігі отбасының әрбір мүшесіне байланысты. Сол отбасының беріктігіне, оның бақытты болуына, алға қойған мақсаттарының орындалуына билік те, қоғам да, әрбір жеке адам да әрекет жасауы керек», - деді Оразгүл Асанғазы «Бақытты отбасының формуласы» атты онлайн кездесуде.

Сонымен бірге, қоғам қайраткері ұл мен қыздың шаңырақ көтергенде ата-ана міндетін естен шығармау қажеттігін атап өтті.

«Әке болсын, ана болсын, баласы шаңырақ көтерерде бұрыннан ойланған. Ол туралы «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» деген сөз бар. «Құда болғанша сұрас, құда болған соң құдайдай сыйлас» деген. Қазіргі кейбір келеңсіз жағдайлар ата-ананың осы жауапкершілікті төмендетіп алуынан болып отыр. Сондықтан әрбір ата-ана ұл мен қызын өсіріп, оның болашақтағы ең үлкен жауапкершілігі – өмірлік жар таңдау, отбасы құру екенін түсіндіруі керек. Абай атамыз «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма» деп жазған. Яғни жар таңдағанда көркіне ғана емес, тәрбиесіне мән беру керек. Ата-ана да балаларымен ашық сырласып, қандай қыз ұнайтынын, қандай жігіт ұнайтынын, қандай қасиет болуы керектігін күнделікті әңгіме ретінде айтып отыру керек. Балалар оқып жүріп өздері танысса да, кімнің баласы екенін сұрастыруға болады», - дейді спикер.

Оның айтуынша, отбасының жауапкершілігі әманда ер азаматта болған.

«Қазақта киіз үйдің шаңырағын ер азамат көтеретін болған. Ер азамат бақанмен шаңырақты көтеріп тұрады, сосын оған басқалар уық шаншиды. Сондықтан, әрбір ер азамат отбасын құрарда өз мойнында қандай жауапкершілік барын білуі керек. Ол біріншіден, ер азамат ретінде соның асыраушысы, қамқоры, қорғаны. Өз нәпсісін тойымсыздықтан, өз үйін – бөтеннен, елін – жаудан қорғауы керек. Ол үшін от-қайратты, білімді, ақылды жігіттерді тәрбиелеуіміз керек. Ал қыздардың 6-7 жасында құлағын тесіп, жасауын жинап бастағанда тәрбие де беру керек. Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді. Әйел оқымаған болса, жақсы бала тәрбиелей алмайды. Сондықтан әйелді ақылды, мінезді, білімді ету керек дейді. Ал енді қыздар адам жанын түсінетін ілімдерді оқуы керек. Имандылықты, жұртпен тіл табысуды, ата-енесі сыйлау, ер-азаматты сыйлау, бала күтуді үйрету керек. Мектептің жоғарғы сыныбында, колледжерде, ЖОО-да оқитын қыздардан болашақ аналарды тәрбиелеуіміз керек», - деді Оразгүл Асанғазы.

Сонымен бірге, қоғам қайраткері отбасындағы келеңсіздіктерді шешу жолдарын айтты.

«Күйеуі немесе ата-енесі дауыс көтерген жағдайда келін бала үндемей қалып, кейін ғана өз мәселесін айтса, ол жерде еш ұрыс болмайды. Ене де өзінің келін болып түскен кезін есіне алып, келінді құшақтап, маңдайынан сүйіп, шаруаға өзі үйретсе, ұрысып емес, келінді айналып-толғанып, бауырына басып, балам деп тұрса, келін мен ене арасында ұрыс болмайды. Біз қыздарымызды келін болуға, әйел болуға, жар болуға 6-7 жасынан бастап оқытуымыз керек. Мысалы қазір семинарлар өткізіп, ел аралап жүрміз. Мұндай әңгімені біздің аузымыздан бірінші рет естіп тұратын балалар бар. Олардың ата-анасын да кінәлай алмаймыз. Кезінде оларға ешкім айтқан жоқ. Мектептерде психологтар болған жоқ. Мен депутат болғанда осы мәселені көтеріп, мектептерде бірді-екілі психологтар пайда болған еді. Бірақ бұл әлі де аз. Басқа елдерде неше балаға неше психолог болуы қажет болса, біздің елде де солай болуы тиіс», - деді ол.

Сөз соңында Оразгүл Асанғазы карантин кезінде той жасау жөнінде пікір білдірді.

«Орынсыз бекер мал шашпақ деп Абай атамыз айтқандай, осы індет келмей тұрып та, ұлт зиялылары тойларымыздың шығынды болып кеткенін көп көтерген болатын. Әртіс шақыру, қымбат торт жасау, тіпті өз ағайыны айтатын әңгімеге де театр актерлерін әкеліп ойнататын болдық. Тойға шақырылатын адамдар саны да көбейді. Шуылдақ деп болар-болмас, үйге апарғанда бір адам пайдаланбайтын заттар таратылатын болды. Бұл нәрседе азаматтар келісіп, кеңесетін нәрсе көп. Көп адам шақырмай-ақ, той деген – нағыз ағайын мен туыстың қызығы. Сондай уақыт жетті ғой деп ойлаймын. Карантин кезінде рұқсат етілген мөлшердегі адам санымен шағын той жасап үйренсек, сол әдетке айналып кететіндей көрінеді маған. Мұның барлығын шектеу керек деп ойлаймын», - деді Оразгүл Асанғазы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT