+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Бақытты отбасы: СҚО-да 100-ге жуық үйелмен баспаналы болды

2019 жылғы 15 қазан 16:40
Бөлісіңіз:
Бақытты отбасы: СҚО-да 100-ге жуық үйелмен баспаналы болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 156 тұрғыннан өтініш түссе, соның 91-і баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Бақытты отбасы»: Қостанай облысында мұқтаж жандарға 50 пәтер берілді Павлодар облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 өтінім мақұлданды «Бақытты отбасы» бағдарламасы: 2020 жылы қанша пәтер беріледі

«Бақытты отбасы» бағдарламасы 2019 жылдың 15 шілдесінен бастап жүзеге асырылып жатыр. Оның шарапатын көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар көре алады. Осы мақсатқа мемлекеттік қазынадан 50 млрд теңге бөлінді.

СҚО-да 1 млрд 426 млн теңгеге 156 өтініш қабылданды. Олардың 153-і оң жауап алып, бүгінде 91-і қоныс тойын тойлады. Солардың бірі – көп баласы бар Ескендір Қалиханұлы.

«Көп жылдан бері пәтер жалдап тұрып келдік. Тапқан табысымның басым бөлігі пәтер ақысына кететін. Сондықтан «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы жайында естігенде бірден қатысуды ұйғардым. Әкімдікке баспана кезегіне тұрдым. Ол жақтан маған бағдарламаға қатысуға жолдама берді. 1,5 айдың ішінде пәтерге қол жеткізіп отырмын», - дейді қала тұрғыны.

Мамандардың айтуынша, ипотекалық несие 2%-бен беріледі. Бастапқы жарна үй бағасының 10% құрайды. Бағдарламаға қатысатын отбасы құны 10 млн теңгеге дейінгі баспананы несиеге сатып ала алады.


«Шілде айынан бері жергілікті әкімдік көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға бағдарламаға қатысуға 200 жолдама берді. Олардың 156-сы біздің банкке өтініш қалдырып, 153-ші мақұлданды. 3 отбасының құжаты қаралып жатыр, жақында бақытты отбасылардың қатарына қосылады. 91 отбасыға 878 млн теңгенің ипотекалық несиесі беріліп, олар қоныс тойларын тойлады», - дейді мемлекеттік бағдарламаның операторы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» СҚОФ директоры Алмас Жапабаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT