«Бақытты отбасы» орталықтарында халық санағынан онлайн өтуге болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Бақытты отбасы» орталықтарында халық санағынан онлайн өтуге болады. Мегаполисте 9 қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның барлығында компьютер бар. Мамандар халық санағын өткізуге көмектеседі және барлық ниет білдірген қала тұрғындарына осы мәселе бойынша кеңес береді. Бұл туралы брифинг барысында «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсақова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, халық санағы халықтың нақты құрылымын анықтауға және қала мен елдің дамуын жоспарлау үшін маңызды басқа да бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі.

«Жоспарлау тұжырымдамасы бар, сондықтан халық санағы аясында алынған барлық мәліметтер, әсіресе балалардың, ата-аналардың цифрлық көрсеткіштері, олардың мәртебесі қазақстандықтардың қажеттіліктерін шешуге көмектесетін сол мемлекеттік бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй құрылысына қажеттілікті анықтау үшін қалалық инфрақұрылымды жоспарлау, балабақшалар, мектептер, емханалар, көлік байланыстарын жоспарлау үшін қанша бала өмір сүретінін, неше жаста екенін анықтау маңызды», – дейді спикер.

«Бақытты отбасы» орталығының басшысы санақты онлайн режимде өтуге болатынын айтты.

Егер мұны өз бетіңізше жасай алмасаңыз, онда орталықтың көмегіне жүгінуге болады.

«Адамдар санаққа қатысуды назардан тыс қалдырмауы керек, бұл 30 минутты алады, орталықтарға келіңіз, біздің мамандар онлайн сауалнамаларды толтыруға көмектеседі. Санақ елімізде көпбалалы отбасылардың қалай өмір сүретінін, бірнеше жылдан кейін бізде қанша зейнеткер болатынын анықтауға көмектеседі», – деді Зульфия Байсақова.


Соңғы жаңалықтар