«Бақытты отбасы» орталықтарына 33 мың алматылық тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсақова онлайн брифинг барысында көпбалалы аналарға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 15 қаңтарда «Бақытты Отбасы» қалалық орталығының қызметін жүзеге асыру мақсатында «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келісім-шарт жасалды. Биылғы жылдың 7 ақпанынан бастап аудандық Орталықтардың қызметін жүзеге асыру үшін «AQ-ALEM – Аналардың құқығын қорғау» ҚҚ-мен (Алатау ауданы), «Білім беру технологиялары мен бастамалары қоры» ҚҚ-мен (Алмалы ауданы), «Асыл Жүрек білімді, денсаулық сақтауды, мәдениет және спортты қолдау орталығы» ҚҚ-мен (Әуезов ауданы), «Кеңес» МҚБ-мен (Бостандық ауданы), «Зиялылар» ҚҚ-мен (Жетісу ауданы), «ISKER қолдау Орталығы» ҚҚ-мен (Медеу ауданы), «Қазақ-герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы» ҚБ-мен (Наурызбай ауданы) және «Түрксіб аудандық көп балалы отбасылар одағы» ҚБ-мен (Түрксіб ауданы) келісімшарттар жасалды»,- дейді Зульфия Байсақова.

Орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар келесі мамандардың кеңестерін тегін түрде ала алады:

- заңгерлердің тұрғын үй қатынастары, АӘК тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, алименттер және т.б сұрақтары бойынша;

- психологтардың балаларды тәрбиелеу, тренингтер өткізу, қиын өмірлік жағдайдан шығу, отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу және т.б мәселелер бойынша;

- әлеуметтік қызметкерлердің отбасының қажеттіліктерін анықтау, жеке жұмыс жоспарын құру және т.б;

- 2 айдан бастап 5 жасқа дейін балаларды қабылдайтын жоғары санатты педиатр және балалардың денсаулығына байланысты жиі кездесетін мәселелер бойынша профилактикалық әңгімелер (диарея, безгек, құлақ, тамақ кеселдері).

Сонымен қатар, «Бақытты Отбасы» орталықтарында: (ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін сөмкелері, компьютерлік біліктілік және т.б) курстар, түрлі бағыттар бойынша балаларға арналған үйірмелер (арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі) курстары тегін түрде өткізіледі.

«Осы уақытқа дейін «Бақытты отбасы» орталықтарында 33 мыңнан астам адам тіркеліп, 54 мың адамға – ақпараттық-кеңестік көмек және ресурстық қолдау көрсетілді, 29 мың адамға – әдістемелік және заңгерлік көмек, 4 мың адамға – салауатты өмір салты бөлмесінің қызметі ұсынылды. 29 мың адам – «Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтерінен өтті, 20 мыңнан астам адам оқыту курстарына барды»,- дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар