+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

«Бақытты отбасы» орталығында аналарға қандай көмек көрсетіледі

2021 жылғы 8 қыркүйек 16:33
Бөлісіңіз:
«Бақытты отбасы» орталығында аналарға қандай көмек көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова онлайн брифинг барысында орталық мамандары тұрғындарға қандай көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 210,2 млрд теңге жәрдемақы алды

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың тамызынан бастап Алматының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істей бастады.

«Пандемияға қарамастан, орталықтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жұмысын жалғастыруда. Мұнда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар заңгерлерден, әлеуметтік қызметкерлерден және психологтардан тегін кеңес ала алады», - деді Зульфия Байсақова.

Оның айтуынша, орталықтарға күніне 700-ден астам қала тұрғыны келеді.

«Бақытты отбасы» орталықтарында ағылшын тілін үйрену, макияж, массаж, шаштараз, пішу және тігін, гимнастика, аспаз, тоқу, сөмке тігу бойынша тегін курстар, компьютерлік курстар өткізіледі.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары арт-терапия, гимнастика, математика мен логика, шахматпен айналысуға, ағылшын тілін үйренуге, тоқу курстарына қатысуға және логопедпен кеңесуге мүмкіндік алады.

«Орталықта 33 мың адам тіркелген, биыл - 4 643 адам тіркелді. Жыл басынан бері мұқтаж 35 250 адамға ресурстық, әдістемелік және 3 700 өтініш берушіге құқықтық көмек екөрсетілді. 5 694 адам бала тәрбиесі, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша бастапқы дайындықтан өтті», - дейді ол.

Спикердің сөзінше, меценаттар «Бақытты отбасы» орталықтарына көмек беріп тұрады.

Демеушілік қаражатқа азық-түлік, киім-кешек, жеке гигиена құралдары сатып алынды.

Сонымен қатар, 2300-ден астам баланың туристік және мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды, қайырымды жандардың қолдауымен 370 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Қалада «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша аналарға кәсіпкерлік негіздерін үйретуге бағытталған «Іскер Ана» жобасы, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл жоба демеушілерінің арқасында Әуезов ауданында қолдан жасалған тоқыма және азық-түлік өнімдерін сататын 4 сауда нүктесі ашылды. Түрксіб ауданында көпбалалы аналардың қолдан жасаған бұйымдарын сату үшін «Іскер Аnа» сауда үйі ашылды. Сауда үйі қазіргі заманғы ұлттық киімдерді, құрақ-көрпе, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды, әйелдерге арналған киімдерді ұсынады, сонымен қатар киімдерді өңдеу мен жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді»,-деді орталық басшысы.

Сонымен қатар, ол «Өз бизнесіңді бастау» бағдарламасы бойынша 506 адам, оның ішінде 290 көпбалалы отбасы және 216 аз қамтылған отбасы мүшелері «Атамекен» ҰКП базасында түрлі кәсіп негіздері бойынша білім алғанын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT