«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау 20 маусымда басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 20 маусымнан бастап қазақстандықтар «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған бағдарламаға көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санатына жататын мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады», - деп хабарлайды банктен.

Қаржы ұйымы таратқан ақпаратқа сәйкес, өтінім otbasybank.kz сайты арқылы қабылданады.

Яғни банкке немесе әкімдікке барудың қажеті жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдаудың кейінге шегерілгенін хабарлаған едік.

«Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова келтірген дерекке сәйкес аталған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 51 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады деп күтіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар