«Бақытты отбасы» бағдарламасы: 2020 жылы қанша пәтер беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, биыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» табысы төмен отбасылар үшін «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы қазіргі уақытта 5 мың өтінімді банктерден алдық. 2 500 адамның өтінішін қанағаттандырдық. Қазір олар үй іздеп, құжаттарға қол қойып, несие алып жатыр. 455 отбасы жаңа үйлеріне кірді. 2020 жылдан жақсы жаңалығымыз бар, Президенттің бастамасы бойынша 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның дерегінше, аталған бағдарлама арқылы баспана алу үшін Нұр-Сұлтан қаласынан 800-ден астам, Алматы қаласынан 650, Ақтөбе облысынан 542 өтінім келіп түскен.

«Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылған 2,5 жылдың ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі арқылы 18 235 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы және әкімдіктерден түсіп жатқан баспаналарды есепке алсақ, биыл 25 мың қазақстандық жанұя қоныс тойын тойлайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар