«Бақытты отбасы»: Ақтөбеде 400-ге жуық адамның өтініші мақұлданды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Ақтөбе облысы бойынша биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болуды жоспарлағандарға 200 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы бойынша 23 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Олардың 8 мыңнан астамы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы бола алады. Ол үшін алдымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне барып, төлем қабілетін растайды. Кейін әкімдіктен алғашқы жарнаға сертификат алу үшін өтініш жазады.

«Қазір 382 өтініш мақұлданды. Оның 132-і көпбалалы, 197-і толық емес және 53-і мүгедек бала асырып отырған отбасы. Соның ішінде 147-і тұрғын үй сертификатын алуға өтініш білдірген болатын. Жалпы алғанда 99 миллион теңгенің өтініші мақұлданды», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев. Ал баспаналы болуды армандайтын 400-ден астам ақтөбелік отбасы төлем қабілетін растай алмаған. Көбі жұмыссыз, бұрын алған несиесін уақытылы өтемеген.

«Тұрғын үй сертиикаты білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласындағы бюджеттік мекеме қызметкерлеріне де беріледі. Олар пәтер құнының 20 пайызын төлеуі тиіс болса, оның 10 пайызына сертификат табысталады. Бірақ ақша қайтарымды, ол 15 жылда 0,01 пайыздық үстемеақымен мемлекетке төлейді», - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова.

Соңғы жаңалықтар