Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.

Осыған байланысты басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу белгіленген болатын.

Алайда, Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұған судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуі себеп болған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің Telegram парақшасында мәлім еткендей, Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілер Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алған.

Онымен бірге мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілерге Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалды.


Фото: aikyn.kz
Соңғы жаңалықтар