Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

2022 жылғы 11 тамыз, 13:41
Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылғы 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылған еді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar