Бақытбек Смағұлов: Бабалар ерлігін саяси науқанның қолшоқпарына айналдыруға болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл «Батырларға тағзым» шарасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулысының айтуынша, «Батырларға тағзым» шеруі Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарымен қоса, саяси-қуғын сүргін көрген миллиондаған тағдырларды еске алуға бағытталуы керек.

«Бүгінгі жасалып жатқан үлкен іс-шара өткен бабаларымыздың ерліктерін біздің жадымызға бекітуі тиіс. Ерлік пен елдікті бірге ұштастырған жағдайда ұрпақтар сабақтастығы мәңгілік елдің мақсаттарына жетелей біледі. «Батырларға тағзым» сияқты шараларды саяси науқанның, саяси ұйымның қолшоқпарына айналдыруға болмайды» - деді Бақытбек мағұл.

Сондай-ақ, ол Екінші дүниежүзілік соғысқа майданға араласқан ұлттар мен ұлыстардың барлығы бірдей үлес қосқанын да атады.

«Жасалған ерліктерді тағзым ету - парыз.Тағзым ету тек бір ұлттың ғана бағытына, бағдарына ұмтылу емес, жалпыға ортақ болуы тиіс. Ортақ майдан болды, ортақ қан кештік. Ұлы даланың жерін жатқа таптатпау үшін біздің ерлеріміз ерлік көрсетсе, оны бағалау - біздің парызымыз» - деді Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар