+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Бақытбек Смағұл: Бірлік болу үшін ардагерлердің үні бір жерден шығу керек

2021 жылғы 16 қыркүйек 13:02
Бөлісіңіз:
Бақытбек Смағұл: Бірлік болу үшін ардагерлердің үні бір жерден шығу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары орталық кеңесінің баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жиында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары орталық кеңесінің атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолданғанын еске салды. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігінің жанынан ұрпақ тәрбиесіне ардагерлерді қатыстыратын комитет құрылуы керек деген ұсыныс айтты.

«Ауған соғысына қатысқандар болсын, Тәжікстан шекарасындағы қақтығысқа қатысқан жігіттер болсын, бәрінің әскери өмірден көрген тәжірибесі мол. Сол тәжірибесін жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қылып қосуы керек деп есептейміз. Себебі, ешкімге жасырын емес, елде әскерден бой тасалап жүрген 6 мыңға жуық адам бар. Көбінің әскерге барғысы келмейді, керісінше хабарласып, қалыс қалуға бола ма деп сұрап жатады. Оның барлығы болмауы үшін саладағы жүйені дұрыстау керек. Қорғаныс министрлігінің жанында комитет құрылса деп жүргеніміз осы ойдан туған. Қаншама тәуелсіздікке еңбек сіңірген генералдарымыз, офицерлеріміз бар?! Солардың өзін мерекелерде министрлікке шақырып, грамота берумен шектеліп жүрміз. Ал министрлік жанындағы комитет болғанда барлық күш бір орталыққа бірігер еді. Осындай мәселелер болмас еді. Әрқайсысы түрлі тарапқа хат жазып, әрбір қоғамдық жағдайға біздің ардагерлердің атын пайдаланып, қолшоқпар қылып алмас еді. Бір жерде болар едік. Әскер қатарында болғаннан кейін, өмір көргеннен кейін ардагерлердің ұрпаққа берері көп. Комитеттің маңызы осында деп ойлаймын», - дейді депутат.

Ал Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары орталық кеңес төрағасының орынбасары Шәріпбай Өтегенов Президент атына үндеу жариялаудың әлеуметтік себебі де бар екенін атады.

«Соғыс 1989 жылы Ауғанстанда аяқталды. Бірақ соғыс аяқталғанмен ол туындатқан проблемалар аяқталған жоқ. Жігіттер сол жерден физикалық және психологиялық жарақаттармен оралды. Олар нағыз іс басына келіп, қоғамдық өміреге атсалысар тұста КСРО ыдырап, тәуелсіз еліміздің бізден де басқа проблемасы жеткілікті болды.

Ол кезде біз өз құқықтарымызды табанды талап етпеген едік. Өйткені халық қиналып жатқанда өз мүддемізді алға тарту азаматтыққа сын деп есептедік. Уақыт өте келе, 1999 жылы алғашқы жеңілдіктер берілді. Кейін олар ақшалай жәрдемақыға ауыстырылды. Бірақ сол жеңілдіктер әлі күнге дейін барлық шығындардың үшінші немесе төртінші бөлігін жаба алмайды. Біз 1999 жылы берілген жеңілдіктер азайтылды деп санаймыз және қазір біз лайықты өмір сүруіміз үшін осы өтемақылардың лайықты болуын сұрап отырмыз», - деді ол баспасөз конференциясында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT