Бақытбек Есентаевтың соты 31 қазанда жалғасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаевтың соты 31 қазанда жалғасады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тараптар енді жарыссөзге шығады.

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталған болатын. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болған  процесс үш күн қатырынан өтті. Бақытбек Толеуханұлы адам өлтіруге оқталу бабынан өзге зорлау, зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапқа тартылуда. Ал белгілі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, басбостандығынан айырмауды өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, шет елден еліне оралған Баян Есентаеваны күтпеген жерден күйеуі күтіп алып,  соққының астына алып,  ауруханадан бір-ақ шығарған еді. Енді продюсер өзінің бұрынғы күйеуін кешіріп, өзі жаңа өмір бастамақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар