Бақытбек Есентаевтың сот процесі ертең қайта жалғасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі ертең жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жабық режімде өтіп жатқан сот процесі алдымен, алқа би мүшелерін іріктеуден басталды. Сот отырысына Баян Мақсатқызы, үлкен қызы Айсәуле және продюсердің сіңлісі Бағым Мұхитдинова қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі  продюсер, екі баланың анасын өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген. 

Соңғы жаңалықтар