Бақытбек Есентаевтың қорғаушыcы аппеляциялық шағым түсірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаевтың, Баян Мақсатқызының қорғаушылары аппеляциялық шағым түсірді. Олар адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған Бақытбек Есентаевқа кесілген сот үкімімен түбегейлі келіспей отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытбектің де, Баянның да қорғаушылары сот үкімімен келіспейді. Сол себепті қос тарап та аппеляциялық шағым түсірді. Бізде дәлел бар. Тағылған айып дұрыс емес», - дейді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Баян Мақсатқызының қорғаушысы Марат Асқарбеков.

Сот үкімі шыққан күні Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов те жаза тым қатал деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот Талдықорған қаласында өтті.  9 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытбек Есентаев соңғы сөзінде өзінің кінәлі еместігі жөнінде айтқан болатын. Ал  Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, соттан Бақытбекті бас бостандығынан айырмауды өтінген еді.

Айта кетелік, Есентаевтардың отбасындағы жанжал Баян Мақсатқызының шет елден елге оралған күні болды. 10 маусымда Бақытбек Есентаев әуежайдан келе жатқан әйелін күтіп алып, Құлжа тас жолының бойында ұрып-соғып, бірнеше жеріне пышақ салды.

Соңғы жаңалықтар