Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша 70-ке жуық адамның ішінен алқа би мүшелері іріктеліп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша алқа билер мүшелері анықталып жатыр деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлығы 70-ке жуық адам соттан шақырту алған.

Алқа билер алқасының мүшесі болуға үміткер бірнеше талапқа сай келуі керек. Осы үміткерлердің бірі Кербұлақ ауданынан келген Рая Доспанбетованың айтуынша, 3 жасқа дейінгі баласы барлар, денсаулық жағдайына байланысты азаматтар сот процесіне қатысудан бас тарта алады. Сондай-ақ үміткерлер сот процесі өтетін тілде өз ойын еркін жеткізе алуы шарт.

Жалпы Кербұлақ ауданы тұрғынының айтуынша, басқа елді мекеннен келетін алқа би мүшелеріне жол ақысы барлығы төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.  10 маусымда күні белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Баян Мақсатқызын  өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі  таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

Соңғы жаңалықтар