+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы 3 қарашада жалғасады

2016 жылғы 31 қазан 17:12
Бөлісіңіз:
Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы 3 қарашада жалғасады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот отырысы жалғасты. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шықты.

Процеске Баян Мақсатқызы да келіп қатысты.

Соттың жабық режимде өтуіне байланысты Бақытбек Есентаевқа мемлекеттік айыптаушы қандай жаза қолдануды сұрағаны жөнінде алқа билер шешім шығарғанша жария етілмейді.

Келесі сот отырысы бейсенбі күні 3 қарашада жалғасады. Оған дейін сотталушы соңғы сөзін айтуға, алқа билер шешім шығаруға дайындалуы үшін үзіліс жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Алғашқы тыңдалымға қатысқан Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген еді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін деген пікірлерін білдірген еді. Бірақ, бұл процестің бір ерекшелігі сотқа алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT