Бақытбек Есентаевқа қатысты аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облыстық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты аппеляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Алайда, қос тараптың шағымы қанағаттандырылмады.

 Сот отырысына Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов қатысты. Алайда, ол журналистерге пікір білдіруден бас тартты.

  Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария етті. Судья Бақытбек Есентаевқа қатаң режімдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындаған болатын. Алайда, қос тарап сот үкімімен келіспеді. Аппеляциялық шағым түсірді. Қорғаушылардың пікірінше, Бақытбек Есентаев өзінің бұрынғы әйелін өлтіруге оқталмаған.

Айта кету керек, Бақытбек Есентаев адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Ол өзінің шет елден елге оралған әйелін Құлжа тас жолының бойында ұрып, бірнеше жеріне пышақ жарақатын салды.

null 

Соңғы жаңалықтар