+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

2016 жылғы 3 қараша 15:48
Бөлісіңіз:
Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі. Ол өз сөзінде кінәлі емес екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытбек Есентаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде өзінің кінәлі емес екендігін жеткізді. Ол Баянды өлтіруге оқталмағандығы жөнінде айтты», - дейді Есентаевтың қорғаушысы.

«Сот оның сөзін ескермеді. Керісінше оны адам өлтіруге оқталды деп таныды. Олай емес. Бақытбек тек дене жарақаттарын салды» дейді қорғаушы Бекболат Жексейітов. Қазір екі тараптың қорғаушылары «Бақытбек Есентаевқа тағылған айыппен келіспейміз» деп отыр. Енді олар аппеляциялық шағым түсірмек.

Бақытбек Есентаев зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша ақталып шықты. Ал адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, соңғы сот отырысына Бақытбек Есентаевтың қыздары да. Баян Мақсатқызы да келмеді.

Айта кету керек, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы биыл 10 маусымда бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.

Сондай-ақ қазіргі таңда танымал продюсер әлеуметтік желідегі парақшаларында атын Баян Мақсатқызы деп өзгерткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT