Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті

2019 жылғы 17 мамыр 15:27 439
Бөлісіңіз:
Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Астана экономикалық форумына қатысуға келген Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі Михаил Кылвартпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік сайтының мәліметінше, Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік жағдайында дамып келе жатқанын атап өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз басқа қалалардың жүз жылда жеткен белестерін 20 жыл ішінде бағындырдық. Даму тәжірибесі бар, енді бізге сапалы өсу қажет. Осы мақсатта біз экономика, туризмді дамыту, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау тұрғысынан шеберлік жоспарын әзірлеп жатырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Кездесу аясында Бақыт Сұлтанов өзара іс-қимылдың бағдарламалық құжатын жасауды, екі елорданың ынтымақтастығын тереңдетуді ұсынды.


Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті 

Өз кезегінде Таллин мэрі Михаил Кылварт қала Қазақстан астанасы ғана емес, сондай-ақ аймақтың экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналуы мүмкін екендігін атап өтті.

«Сондықтан да екі қала мен екі астананың арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударғым келеді», - деді ол.

Қос тарап алдағы уақытта көлік және қалалық инфрақұрылымды дамыту, медициналық туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT