Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Астана филиалына төраға болып сайланды

2018 жылғы 20 қыркүйек 15:21 304
Бөлісіңіз:
Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Астана филиалына төраға болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Делегаттар бұл қызметке Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. 

«Исекешев Әсет Өрентайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметінен босатылып, Астана қаласының әкімі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалсын», - делінген конференция қаулысында. 

Сондай-ақ, жаңа әкім арнайы қаулымен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Саяси кеңес құрамына қосылды. 

«Бақыт Тұрлыханұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Түрлі лауазымдарда қызмет етті. Енді міне, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкім болып тағайыдалды. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Өзімнің және әріптестерімнің атынан Бақыт Сұлтановты астаналық филиалға - партияның ең үлгілі филиалына төрағалыққа келуімен құттықтаймын», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT