Бақыт Сұлтанов карантин жоқ аймақтардағы сауда орындарының жұмысы туралы түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда карантин жоқ аумақтарда ірі сауда объектілерінің қызметі тоқтатылмайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сөз басында Сауда және интеграция министрі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл талап сақталатынын атап өтті.

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы сауда нысандары әкімдіктердің жедел штабтары шешкендей, карантиннің ағымдағы режимінде жұмыс істейтін болады» деп жазды министр.

Ол, сондай-ақ, карантиннің қолданылған қатаң шаралары (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жабылуы, елге келетін барлық адамдарды бақылау) нәтиже беретіндігін ескергенін, санитарлық бақылаудың күшеюі коронавирустың таралуының өсуін тежеуге мүмкіндік беретінін, ауру тек шет елдерден келген азаматтарда және олармен байланысқан тұлғаларда ғана расталғанын атап өтті.

«Осыған байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық қызметтер барлық ықтимал тәуекелдерді жедел анықтайды және бұғаттайды, біз карантин жоқ аумақтарда ірі сауда объектілерінің қызметін тоқтатпауға шешім қабылдадық. Бұл сауда объектілерінің қызметкерлеріне келушілер ағынының күрт азаюы жағдайында шектеулі болса да, жұмыс істеуге және өз отбасыларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Министр Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгінгі кеңейтілген отырысында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар бергенін айтты. Оның негізгі лейтмотиві – қатаң оқшаулау шаралары мен кәсіпкерлер мен халықты ауқымды қолдау арасындағы тепе-теңдік, оның ішінде вирустың таралуына қауіп төндірмейтін жерлерде жұмыс орындарын сақтау.

«Бұл ретте, базарлар, дүкендер мен дәріханаларда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шаралар бойынша енгізілген талаптарды тағы да атап өтемін. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, әкімдіктерге коммуналдық техниканы, базарлар мен іргелес жатқан аумақтарға ерекше назар аудара отырып, дезинфекциялауға қайта бейіндеуді тапсырды. Барлық персонал бетперде мен қолғаптарда жұмыс істеуі тиіс. Әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен барлық беттерді (едендер, үстелдер, орындықтар, лифтілер және т.б.) өңдеу қажет. Қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың толық тізімін Сауда және интеграция министрлігінің немесе Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар