Бақыт Сұлтанов елордалықтармен бірге ағаш отырғызды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордалықтармен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қала басшысы Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін Сарыарқа ауданындағы ағаш отырғызу телімінде тұратын тұрғындармен кездестім. Бірге жексенбілік плоггингке қатысып, айналасын тазаладық. Қазір бұл жердегі 350 адам 60 жер үйде өмір сүруде. Бірі қалмай тазалық науқанына шығып, бірлесіп 2 тонна қоқыс шығардық. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тыныс-тіршілікке байланысты сұрақтарын қойды. Оның ішінде ауыз су, жол салу, жарық пен балалар ойнайтын алаң орнату мәселелерін көтерді. Әрқайсысына әкімдік шеткі аумақтарды дамытуға ерекше назар аударып жүргенін, ең күрделі мәселені шешу үшін бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтып, түсіндірдім. Өздері де қол қусырып отырмаған екен. Шамалары жеткенше көшеге жарық орнатып, айналасын тазалап отырады. Белсенділіктері үшін үлкен алғысымды айттым», - дейді шаһар басшысы.

Бақыт Сұлтанов сондай-ақ, бүгін «Көктал 2» тұрғын алабының азаматтарымен кездескенін жазды.

«Олар да 68 мектептің алдындағы саябақты көгалдандыру үшін ағаш отырғызу науқанына кірісіпті. Бірге қайың, қарағай ағаштарын отырғыздық. Дәл қазір бұл ауданда 12 мыңнан аса тұрғын тұрады. Ал саябақ олардың сүйікті демалыс орнына айналған», - дейді әкім.



Қала басшысы «Көктал» ауданын аралау барысында 68 мектептің жанынан салынып жатқан жапсарлас нысанның құрылысы мен жолдарының аxуалын тексеріп, жауаптыларға тиісті тапсырма бергенін айтты.

Соңғы жаңалықтар