+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Бақыт Сұлтанов елордалықтарды жолда абай болуға шақырды

2019 жылғы 15 сәуір 16:16
Бөлісіңіз:
Бақыт Сұлтанов елордалықтарды жолда абай болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райының күрт бұзылуына байланысты қала көшелерінде мұқият болуларыңызды сұраймын. Метеоқызмет мәліметтеріне сәйкес, 15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтілуде (жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін). Көптеген көлік иелері дөңгелектерін жазғы маусымға ауыстырып үлгерді. Сондықтан, көлік жүргізушілеріне жол арақашықтығын сақтап, жол ережесін бұзбауды және оқыс маневр жасаудан бас тартуды ұсынамыз. Жолда абай болыңыздар!», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Фейсбуктегі парақшасында.

«Қазгидромет» РМК елордада күн райының нашарлауына байланысты ескерту жариялаған болатын. Жаңбыр соңынан қар жауып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал. Күндіз температура +3...+5 градус. Атмосфералық ауа одан әрі төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ найзағай, тұман болжанады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT