Бақыт Сұлтанов: Елордаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартатын жоспар құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартуға бағытталған жоспар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы елордаға рекордтық көлемде инвестиция тартылды. Сырттан түскен қаржы бірінші рет 1 триллион теңгеден асты. Осы көрсеткіштерге қалада іске асырылып жатқан ірі жобалардың арқасында қол жеткізілді. Ал биыл құрылыс жұмыстарының азаюына байланысты инвестиция көлемі де төмендеп отыр. Өйткені, инвестициялардың 70-80 пайызын құрылыс құрайды. Біз өткен жылдардағы инвестицияларға талдау жасадық. 2019 жылға арналған болжамды көлемдерді жинап, жоспар құрдық. Егер орындасақ - былтырғы жеткен триллион теңгеден асыруға болады», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Қала әкімінің айтуынша, шаһарға инвестиция тарту тетіктері қайта қаралған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Премьер-Министр Асқар Маминның төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын хабарлаған едік.

Алдағы уақытта Инвестициялар бойынша жауапты шешімдерді Үйлестіру кеңесі қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар