Бақыт Сұлтанов елордада ірі жол апатында жұмыс істеген жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астана әкімі Бақыт Сұлтанов 26 наурызда ірі жол апатынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге қатысқан медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Кездесуді ашқан қала әкімі жергілікті дәрігерлер апат, өрт және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде мыңдаған адам өмірін құтқарғанын еске алды. Жыл басынан жедел жәрдем қызметі 155 мыңнан астам қоңырауды қабылдап, қызмет көрсеткен.

«Медицина қызметкерлері 26 наурызда болған апатта кәсіпқойлық пен жеделдіктің жоғары деңгейін көрсетті. Қайғылы оқиға орнына төрт минут ішінде жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаларға жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен қалалық ауруханалардың шебер және кәсіби әрекеттерінің арқасында біз көптеген адамдардың өмірін сақтап қалдық», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оқиға орнында барлығы 15 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

«Сол күні еліміздің әрбір азаматы біреудің қайғысына ортақтаса алатынын, оған бей-жай қарамайтынын көрсетті. Өз өміріне қауіп төнгендігіне қарамастан, олар адамдарды автобустардан алып шығуға көмектесті. Олардың бірі - №303 бағдардың жүргізушісі Бақдәулет Әлібек. Ол оқиға орнына жақын жерде болған», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Әкім дәрігерлерге, медбикелерге, барлық азаматтарға кез-келген уақытта көмек қолын созуға және эмоционалды қолдау көрсетуге дайын екендігіне үлкен ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Бақыт Сұлтанов 14 денсаулық сақтау қызметкеріне, сондай-ақ, зардап шеккендерді құтқаруға көмектескен жүргізушіге алғыс хаттар табыс етті.
null null null

Еске сала кетейік, 26 наурызда Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында қаламаңына қатынайтын жүрдек автобус бағдаршамда тұрған көліктердің артынан келіп соқты. Қатты соққыдан үш автобус және бірнеше жеңіл көлікке зақым келді. Жол апатынан екі адам қаза болып, 29 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар