Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының қымбаттау себебін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының қымбаттау себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағаның өсу себептерін анықтау үшін талдау жүргізілді. Біріншіден, азық-түлік нарығында әртүрлі сауда үстеме бағалары бар көптеген дистрибьюторлардың және басқа да тиімсіз делдалдардың санының көп болуы, жеткізу шарттарының орындалмауы, сақтау арналарының жоқтығы себеп. Нәтижесінде бұл кейбір тауарларға бағаның өсуіне алып соқтырады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, екінші себеп, экспорт көлемінің артуы болып отыр. Соның салдарынан импортталған тауарларға бағаның өсімі байқалады.

«Мәселен, ағымдағы жылы еліміздегі қарақұмық алқаптары 30 пайыз қысқарды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында 5 жыл ішінде өнімнің аз болуына байланысты бағаның өсуі байқалады. Күріш бағасының қымбаттауы Өзбекстан мен Түрікменстан тарапынан қазақстандық күрішке сұраныстың артуына байланысты байқалады. Осылайша аталған елдерге экспорт 22 есеге өсті. Ресейде күріштің бағасы 14 пайызға, яғни біздің валютамен есептегенде келісі 368,5 теңгеден 420,2 теңге дейін өсті. Дегенмен, өңіраралық тауарларды жеткізу бойынша талдау жүргізу кезінде, әкімдіктердің өз өңірлерінде қандай тауарлар өндірілетінін және қайдан әкелетінін жиі білмейтіндігін байқадық», - деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар