Бақыт Сұлтанов автобус карталарына қатысты сынға жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов автобустардағы төлем жүйесіне қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық көлікте жолақыны төлеуге қатысты басында сын болғанымен, көлік картасы жүйесі өзінің тиімділігін айқын дәлелдеп отыр. Оны жолаушылардың 96 пайызы пайдаланады және ақша қаражатының 30 пайызы көлегейлі айналымнан шығарылды. Бұл келешекте аталған салаға өте жақсы әсер ететіндігі түсінікті. Карталарды толықтыру жүйесіне қатысты сын да болды. Біз онымен үнемі жұмыс істеп жатырмыз. Қайтадан құрылған кез келген жүйедегідей жеткізушімен белгілі бір іркілістер бар», - деді Б.Сұлтанов.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта елорда тұрғындары көлік картасын балама 10 жолмен толтыра алады. Сонымен қатар төлем картасы күн сайын 670 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатындығын көрсетті.

«Бұл көлік жүйесінің нақты экономикалық моделін болжауға, бағдарларды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қай жерде заманауи форматтағы базарлар салуға болатындығын, адамдар қай жерге демалыс үшін көп жиналатындығын анықтауға мүмкіндік жасайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар