+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

2018 жылғы 11 қыркүйек 11:26
Бөлісіңіз:
Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорда баспасөз қызметінің Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын», делінген Жарлықта.
Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист.

1994-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы.

1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылы қарашасынан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрі болып қызмет атқарды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетсек, 10 қыркүйекте екі жылдан астам уақыт бойы Астана қаласының әкімі болған Әсет Өрентайұлы Исекешев Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Қазақстандағы соңғы кадрлық ауыс-түйістер туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің арнайы айдарынан оқуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT