+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желілерде белсенді болмақ

2019 жылғы 9 қыркүйек 15:54
Бөлісіңіз:
Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желілерде белсенді болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жаз айларында қандай жұмыстармен айналысқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жоғары вольтты жабдықтар сынақтан өтеді

«Кейінгі кезде жаңа қызметіме байланысты көп іссапарларға бардым. Жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне қойылған негізгі міндеттемелердің бірі – ол Қазақстанның тауарларын сыртқа экспортталуын ілгерілету, сондай-ақ ішкі нарықтағы сауда-саттықтың сапасын арттыру. Осы орайда, қазақстандық өндірушілер үшін көп жүріп, маңызды жұмыстар жасайтын боламыз», - деді министр.

Бұдан бөлек Б. Сұлтанов ведомствоның жұмыс барысын баяндау бойынша тілшілер қауымымен жиі кездесуге уәде етті.

«Мұнымен қоса, әлеуметтік желілердегі аккаунттардың жұмысын қайтадан жандандырамын деп уәде бергім келеді. Жалпы, Мемлекет басшысының шешімімен министрлік уақтылы құрылып отыр. Өйткені бүгінде сыртқы экономикаларда болып жатқан оқиғаларға байланысты, соның ішінде «сауда соғыстары», интеграциялардағы өзгерістерге орай қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспортты ұлғайту өте өзекті. Сондықтан министрліктің жұмысында, өзіміздің стратегиямызда аталған міндеттемелерге айрықша мән берудеміз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салсақ, биыл маусым айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігін құруға не түрткі болғанын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT