Бақылаушылар мен сенімді өкілдер қандай мекемеге телефонмен кіре алмайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бірақ, ескертулер жасалды. Бұл туралы ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлауға арналған брифинг барысында аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ержан Қалымбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау учаскелердің бірінде сенімді өкілдің бейджінде депутаттыққа үміткер адамының аты- жөні жазылған. Бұл жанама жарнамаға жатады. Сондықтан сайлау учаскесінің төрағасы ол кісіге ескерту жасап, оны шешкізіп тастады. Яғни, біз барлық сайлау учаскелерімен байланыстамыз»,- деді Ержан Қалымбайұлы. Сондай-ақ ол кейбір дауыс беру учаскелерінде бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдеріне телефонмен кіруге тыйым салынғанын атап өтті. «Бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаске бар. Атап айтар болсақ, әскери бөлімдер, санаторийлер және тағы басқа мекемелер. Ол жерлердің өз ережелері бар, оған сәйкес, телефонмен кіруге рұқсат бермейді, сол себепті, байқаушылар мен сенім білдірілген тұлғаларға сайлау учаскелеріне барғанда телефондарын қалдыру сұралды»,- деп түсіндірді спикер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.


Соңғы жаңалықтар