+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Бакудегі спорттық гимнастикадан Әлем кубогында ел намысын үш спортшы қорғайды

2018 жылғы 16 наурыз 07:40
Бөлісіңіз:
 Бакудегі спорттық гимнастикадан Әлем кубогында ел намысын үш спортшы қорғайды

БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде спорттық гимнастика бойынша Әлем кубогы басталды. Жарысқа қазақстандық спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстанның намысын Нариман Құрбанов, Даниил Батурин және Ербол Жантықов қорғайды.

«Біздің спортшылар іріктеу жарыстарында қоссырық (Е.Жантықов) және керме (Д.Батурин) бойынша еркін жаттығуларға қатысып жатыр. 16 наурызда өтетін атпен жаттығуда Н.Құрбанов бақ сынайды», - деді қазақстандық команданың жаттықтырушысы Ерлан Ұзақов.

Е.Ұзақовтың айтуынша, Н.Құрбанов ақпан айында Аустралияның Мельбурн қаласында атпен жаттығуда «алтын» жүлдеге қол жеткізген.

Қазақстандық жасақтың жаттықтырушысы Әзербайжанда біздің команданың жақсы нәтиже көрсететініне үміттенетінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT