Бакудегі қазақстандықтар сайлау процесінде белсенді - комиссия төрағасы

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакудегі сайлау учаскісі жергілікті уақытпен таңғы 7-ден бастап жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Әзербайжандағы меншікті тілшісі.

Елшілік жанынан ашылған нөмірі 262 сайлау учаскісі отандастарымызды таңғы 7-ден қабылдап жатыр.

Мұнда сайлау процессі жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын байқауға болады, сайлаушылардың азаматтық ұстанымын білдіруге барлық жағдай жасалған.

Сайлау учаскесінің жұмысын ТМД парламенттік ассамблеясының өкілдері бақылауда.

Консулдық бөлімнің мәліметіне сәйкес сайлауға Әзербайжанда 140-тан астам тұрақты және уақытша тұрып жатқан азаматтар қатысуда. Солардың ішінде сайлау учаскісіне басқа қалалардан келіп жатқандар да бар.

Ал ресми, жеке және туристік мақсатта жүрген азаматтарға келетін болсақ, олар да науқанға бей жай қарамайтындығын көрсетіп жатыр.

Жалпы Әзербайжандағы қазақстандықтар тарапынан саяси белсенділік, қызығушылық байқалады.

Сайлау комиссиясының төрағасы Жандос Нұрмұхамбетовтың айтауынша таңғы уақыттан бастап сайлау қарқынды өтуде.

«Консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтары және осы Баку қаласына түрлі себептермен, іс-сапармен келген отандастырымыздың осы сайлау учаскісіне келіп даусы берулеріне мүмкіншілігі бар. Қазіргі таңда сайлау қарқанда өтуде, қандай да бір бұзушылық жоқ, сайлау заңнамасына сәйкес барлық талаптар өтелуде», - деді Жандос Нұрмұхамбетов.

Сайлау учаскісінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-ге дейін жалғасады. Азаматтарға дауыс беру үшін жеке басын куәландыратын төл құжатты комиссия мүшесіне көрсетуі керек.


Автор: Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар