Бакудегі дәмханада жарылған газ баллоны екі адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасындағы дәмханалардың бірінде газ баллон жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тренд агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне қарағанда, Бакудегі 25 шаршы метр аумақты иеленіп жатқан дәмханада пропанға толы газ баллон жарылған.

Соның салдарынан ғимараттың жанғыш бөліктері өртенген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан бір әйел мен бір ер адамның күйік шалған денесін тапты. Тағы екі адам ауруханаға жіберілген.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар