Бакуде «ЖАРА 2019» фестивалінің ашылу салтанаты өтті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде төртінші халықаралық «ЖАРА 2019» музыкалық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шара 25-28 шілде аралығында Каспий теңізінің жағалауындағы әдемі демалыс орындарының бірі Sea Breeze-де өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend Life басылымына сілтеме жасап.

Фестиваль гала-концертпен ашылды. Онда танымал әртістер хит әндерін орындады.

Шараның алғашқы күні Филипп Киркоров, Григорий Лепс, Зульфия Ханбабаева, Лолита, Сергей Лазарев, Валерия, Ани Лорак, дуэт Время и Стекло, Artik & Asti, Burito, Monatic, Настя Каменских, A Studio, Ольга Бузова, Вера Брежнева, Глюкоза, Рита Дакота, Zivert, Александр Панайотов, Mozgi тобы, Макс Барских, Bosson, Шыңғыс Мұстафаев, Альбина Джанабаева, Кристина Орбакайте, Николай Басков, Alessandra Safina, Фидан Гусейнова, Дмитрий Мататов, Юлия Беретта, Маша Романова, Элина Чага сынды орындаушылар өнер көрсетті. Кеш Эмин Агаларовтың «Әзербайджан» әнімен және мерекелік от шашумен аяқталды.

Биыл фестивальге 250 әртіс қатысуда. Қонақтар Григорий Лепстің, Стас Михайловтың, «Любэ» тобының шығармашалық кештерін, Тиматидің жеке концертін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 26 шілдеде 90-жылдардың әншілері өнер көрсетеді. 27 шілде күні 2000-жылдардың хиттері шырқалмақ, ал 28 шілде Z буынына арналып, стрим мен топ чарттың барлық хиттері орындалатын болады.

Ұйымдастырушылары – Әзербайжанның халық әртісі Эмин Агаларов (EMIN), Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Григорий Лепс, «Русское радионың» және «Золотой граммофон» сыйлығының негізін қалаушы Сергей Кожевников.

26 шілдеде Эмин Агаларов, Филипп Киркоров, Айгюн Кязымова, Бриллиант Дадашова, Artik & Asti, Руки Вверх, Отпетые мошенники, Фабрика, Виктория Дайнеко, Brandon Stone, Новые самоцветы, Слава, Любовь Успенская, Жасмин, Ильгар Хаял, Нигяр Джамал, Леонид Агутин, Тамара Гвердцители, Диана Арбенина ән шырқап, Григорий Лепстің, Стас Михайловтың, «Любэ» тобының шығармашылық кештері өтеді.

27 шілдеде Эмин Агаларов, Григорий Лепс, Владимир Кузьмин, Руки Вверх, Митя Фомин и Hi - Fi, Алена Апина, На-На, Наташа Королева, Brandon Stone, Александр Панайотов, Слава, Любовь Успенская, Лайма Вайкуле, Александр Буйнов, Александр Малинин, Жасмин, Ирина Нельсон, Диляра Кязымова, MBand, Анита Цой, Юлия Ковальчук, Стас Пьеха, Ирина Дубцова, Александр Иванов және Рондо тобы, Алексей Чумаков, Владимир Пресняков өнер көрсететін болады.

28 шілдеде Эмин Агаларов, Григорий Лепс, Лобода, Джиган, Мари Краймбрери, Molly, Александр Панайотов, HammAli & Navai, Сygo, Rauf & Faik, Зомб, Нюша, Слава, Любовь Успенская, Rasa, Эльвин Грей, Эллаи, Aйсель Мамедова, MOT, Назима, Ternovoy, Asammuell, Бабек Мамедрзаев, Сямра Рагимли, Дони, Fika, Исайя, Евгения Майер, Serebro, Tereza, Вельвет, Клава Кока, MBand, Миша Марвин, Юлия Ковальчук, Jony, Elman, Andro, Natan, Genimi, Андрей Звонкий, Alessandra әндері шырқалып, Тиматидің жеке концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар