USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Бакуде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тойланды

2021 жылғы 17 қараша 22:55
Бөлісіңіз:
Бакуде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тойланды

БАКУ. ҚазАқпарат - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту аясында Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде зиялы қауым өкілдерінің, студенттер мен қазақ диаспорасының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы: Қазақстан халқының және оның конституциялық құрылымының беріктігіне сенеміз Бүгін Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес биыл халықаралық және ұлттық деңгейде Жамбылдың 175 жылдығын тойлау бойынша бірқатар іс-шара өткізілгенін атап өтті. Дипломат ақынның өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері туралы айта келе, Ж. Жабаевтың рухани мұрасы барлық ұрпақ үшін баға жетпес мақтанышы екенін жеткізді. Қоғамның өзекті сұрақтарын көтере алудың арқасында Жамбыл халықтың есінде мәңгі қалды. Ол тыңдаушысын өзінің эпикалық баяндамасының әдемілігі, тереңдігі мен нәзік ішкі мәтінімен әрқашан баурап алатын.

Жамбылдың шығармалары әлемнің 40-тан астам тіліне аударылып, бүкіл әлемге танымал алғашқы қазақ ақындарының бірі болды.

Сондай-ақ Елші Жамбыл Жабаевты қазақ даласының «Гомеры» деп атайтынын жеткізді. Оның бүкіл мұрасы қазақ халқының, түркі және әлемдік мәдениеттің рухани қазынасының алтын қорына енді.

Қонақтарға 1996 жылғы «Қазақфильм» киностудиясының «Жамбылдың жастық шағы» фильмі көрсетілді. Іс-шара аясында әзербайжандық тілшілер М.Касумова, Р.Гасымов және И.Фаталиев Қазақстан туралы үздік репортажы үшін ҚР СІМ және қазақстандық Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбайдың алғыс хаттарымен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT