+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бакуде Түркі Кеңесіне мүше елдердің СІМ басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

2019 жылғы 14 қазан 18:40
Бөлісіңіз:
Бакуде Түркі Кеңесіне мүше елдердің СІМ басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

БАКУ. ҚазАқпарат – ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді бүгін Бакуде Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VII Саммиті қарсаңында өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз дипломатияға үміт артуымыз керек - Вольфганг Ишингер Вольфганг Ишингер әлем көшбасшыларын БҰҰ-ның беделін нығайту ісіне атсалысуға шақырды Еуропарламент депутаттары Brexit-ті мақұлдады

Кездесуде министрлер Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қоюы жоспарланып отырған күн тәртібіндегі жобалар мен құжаттарды келісті.

Кездесу қорытындылары бойынша Бакуде министрлер Будапешт қаласында (Венгрия) 2019 жылғы 19 қыркүйекте ашылған Түркі Кеңесі Өкілдігінің қызметін реттейтін бірнеше құжатқа қол қойды.

Министрлердің шешімімен Венгрия Республикасына Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

Еске салайық, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы Нахычеван қаласында (Әзербайжан) құрылған. Түркі кеңесінің хатшылығы - Ыстанбұл (Түркия) қаласында. 7-ші Саммиттің қорытындылары бойынша, Өзбекстан қосылғаннан кейін Кеңеске мүше елдер саны беске жетеді (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан).

Бекбау Тайманов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT