+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Бакуде Түркі кеңесі СІМ кезектен тыс отырысы өтті

2020 жылғы 6 ақпан 19:30
Бөлісіңіз:
Бакуде Түркі кеңесі СІМ кезектен тыс отырысы өтті

БАКУ. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация СІМ кезектен тыс отырысына (СІМК) қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Мажарстан Сыртқы және сауда министрінің орынбасары Левенте Мадьяр қатысты.

Іс-шара күн тәртібінде Түркі кеңесіне мүше емес мемлекеттер және ұйымдар арасында ынтымақтастық орнату, ұйымның атауын өзгерту, «2040 – түркі келешегі» бағдарламасы және кезекті саммит мерзімдері іспеттес өзекті мәселелер қарастырылды.

Сыртқы істер министрлері Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы туралы ережені қабылдады. 2019 жылғы 15 қазанда ТМЫК 7- саммитінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңестің Құрметті төрағасы ретінде сайланған.

М. Тілеуберді өз баяндамасында Елбасы Н. Назарбаевтың былтыр Түркі кеңесінің 7-ші Саммитінде ұйымның атауын өзгерту және «2040 – түркі келешегі» бағдарламасын дайындау туралы бастамаларына назар аударды.

Түркі кеңесінің Бас хатшысы, қазақстандық дипломат Бағдад Әміреев өз баяндамасында халықаралық қауымдастықтың Түркі кеңесіне қызығушылығы арта түскенін хабарлады. Осыған байланысты, СІМК барысында ұйымға бақылаушы және серіктес мәртебесін алу туралы ереженің қабылдануының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар Түркі кеңесінің 8-Саммитінің мерзімдері мен өткізу орны бойынша мәселелерді талқылады.

СІМК шеңберінде Министр М.Тілеуберді Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен екіжақты кездесу өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT