Бакуде түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық симпозиум өтіп жатыр

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан астанасында түркі әлемін зерттеу жөніндегі алтыншы халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжан Республикасындағы меншікті тілшісі.

Шараға Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Башқұртстан Республикаларының 400-ге жуық адам қатысты. Олардың дені мемлекет және қоғам қайраткерлері және ғалымдар бар. Олардың 40-тан астамы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары.

Қазақстандық делегацияның басшысы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова аталған түркітілдес халықтар симпозиумының жыл сайын аталып өтетінін айтты.

2018 жылы аталған шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтіп, онда тіл, әдебиет, экономика және әлеуметтік мәселелер қозғалған. Биылғы жылғы симпозиумда да түркітілдес халықтарға ортақ мәселелер талқыланатын болады.

«Ғылым саласындағы тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерді бастау, мәдениет және әлем әдебиеті шекараларын кеңейту, ғылым мен білім саласындағы түркітанушы ғалымдардың кездесуі -Симпозиумның негізгі мақсаты болып табылады», - деді қазақстандық делегацияның өкілі, Қыздар педагогикалық университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Шара барысында педагогика, тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, философия, әлеуметтану, гендерлік даму, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласында және түркі әлемімен байланысты жаңа бірлескен жобалар үшін мүмкіндіктерді іске асыру мәселелері көтерілді.null

Іс-шара «Ғаламдық құзыретті филологтарды дайындаудағы халықаралық тәжірибе», «Рухани жаңғыру: әдебиет арқылы ұлттық біліктілікті арттыру», «Ғаламдық білім беру жүйесі: әлеуметтік және гуманитарлық пәндерде жаңа оқыту әдістері», «Латын графикасы: тарих, теория және оқыту әдістері», «Түркі қоғамы: Қазіргі заманғы оқу үрдісіндегі ұлттық және халықаралық даму үрдістері» және «Түркі тілдес елдерде гендерлік білім берудің өзекті мәселелері» сияқты көптеген тақырыптар бойынша өтеді.

Айта кетейік, Түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық симпозиум алғаш рет 2014 жылдың 18-21 наурызында Түрік «Өмер Халисдемир» университетінде Түрік «Нийде Өмер Халисдемир» университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеттерінің бастамасымен өтті.

Шара аясында аталған жоғарғы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Түбіміз бір Түрікпіз» атты фестиваль жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

null

Соңғы жаңалықтар