+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Бакуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

2019 жылғы 30 қазан 16:17
Бөлісіңіз:
Бакуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аяқталды. Тараптар 2019 жылға қорытынды жасап, 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан Қорғаныс министрлері және Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы қатысты.


Жиында 2025 жылға дейінгі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың біріккен жүйесін дамыту бағыттары, нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру, топографиялық салада, бірлескен іс-шараларды өткізу және ақпараттық жариялауда өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жайы да айтылды.

Қазақстан үшін ТМД форматындағы әскери ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – қорғаныс, әскери қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды қолдау және қатысушы мемлекеттердің тұрақты дамуы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс министрлерінің кеңесі кезекті жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешенін бекітті, сондай-ақ оның одан әрі жұмыс істеуінің қаржылық аспектілерін және әуе-ғарыш қорғанысы міндеттерін шешуге бейімделуді келісті.

Бағдарлама аясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысушыларды қабылдады. Сондай-ақ «Мәңгілік алау»монументіне гүл шоғы қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT