Бакуде Наурыз мейрамы карнавал түрінде тойланады

None
None
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат - Баку ақпараттық туристік орталығы Бакуде Наурыз мейрамын өткізудің жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жөнінде Trend агенттігіне орталықтың директоры Руфат Багиров хабарлады.

Оның айтуынша, қазір жаңа жобалар әзірленуде.

«Жобалардың бірі наурыз карнавалын өткізумен байланысты. Ұлттық кейіпкерлерді Бакудың орталық көшелерінде өтетін карнавалға қатыстыру жоспарланған. Бұл – ерекше жоба және мейрамды өз көзімен көрген туристер Бакуге қайта оралса дейміз», - деді Багиров.

Еске сала кетейік, 2009 жылғы 30 қыркүйекте ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес мәдени мұралардың репрезентативтік тізіміне енгізген еді.

2010 жылдың 24 ақпанында БҰҰ Бас ассамблеясы бір ауыздан резолюция қабылдап, 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады.


Соңғы жаңалықтар