Бакуде Қазақстанның кино күндері өтеді

None
БАКУ. ҚазАқпарат – 10-11 желтоқсанда Бакудың «Низами» кинотетарында Әзербайжандағы Қазақстанның кино күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Алғашқы күні сағат 14:00-де режиссер И.Ардашовтың «Кенже қыз» анимациялық фильмі көрсетіледі. Фильм сюжеті бойынша, кішкентай қыз өзін елемейтін ағаларын таң қалдырамын деп, қателесіп, ежелгі жынды бостандыққа шығарады.

12 желтоқсан күні сағат 14.00-де көрермендер режиссер Р. Нұрғалиевтің «Alğa» көркем фильмін тамашалай алады. Фильм желісі бойынша, ағайынды екі жігіт әкелері қайтыс болғаннан кейін ұрлықпен күн көре бастайды. Бір күні қаладан ауылға таланты жастарды іріктеу мақсатында келген жаттықтырушы екеуін байқап, жаттығуға шақырады. Бауырлар қаншама сынақты бастан өткерсе де, берілмеуге бел буады. Бастан кешкен қайғылы оқиға олардың өмірін өзгертеді. Спортпен айналысып жүріп ағайындының бірі марафонға дайындалып, әлем чемпионын жеңуді көздейді.

Іс-шараны Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның Мәдениет министрлігі, «Kazakhcinema» қазақ киносын қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырды.

Серікбол Қошмағабетов


Соңғы жаңалықтар