Бакуде Қазақстан және Әзербайжан президенттерінің рөлі талқыланды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков Әзербайжан Президенті Әкімшілігінің басшысы Рәміз Мехтиевпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы меншікті тілшісі.

Кездесуде тараптар президенттер - Нұрсұлтан Назарбаевтың, Гейдар Әлиев және Илхам Әлиевтің бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынастарын орнатудағы рөлін атап көрсетті. Р. Мехтиев Қазақстан Президенті егеменді Қазақстанның қалыптасуында басты рөл атқарған танымал саясаткерлердің бірі екенін айтты.

М. Қасымбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Илхам Әлиевке жолдаған сәлемін жеткізе отырып, Қазақстан Президенті мен Әзербайжанның Жалпыұлттық лидері негізін қалаған достық нығайып келе жатқанын жеткізді.

Бұдан тыс, Р. Мехтиев Қазақстан делегациясы мүшелерін Әзербайжанның мемлекеттік наградасы - «Tərəqqi» («Өркениет») медалімен марапаттады. Медаль Әзербайжан Президентінің өкімімен табыс етіледі.
null null null 

Өз кезегінде, М. Қасымбеков Р. Мехтиевке Әзербайжанның Жалпыұлттық лидері Гейдар Әлиев жайындағы «Еліне жол ашқан» кітабын табыс етті. Кітап қазақ тіліне аударылып, мамыр айының аяғында Астанада жарық көрген болатын. Оның естелік нұсқаларының бірі Президент Илхам Әлиевке жіберілген.

Соңғы жаңалықтар