Бакуде Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы талқыланды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Әзербайжанда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жұмыс сапары Асқар Жұмағалиев Әзербайжанның Премьер-Министрі Новруз Мамедовпен және Көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрі Рамин Гулузадемен, Қорғаныс өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Яхья Мусаевпен кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуде Әзербайжан үкіметінің басшысы Н.Мамедов екі жақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Ол қазақстандық делегацияның сапары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан Қытайдан Еуропаға созылған халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндіктерін пайдаланудан барынша пайда алу мүмкіндігіне ие екені айтылды.

Р.Гулузадемен кездесуде тараптар екі жақты және көп жақты форматтағы қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ю. Мусаев А.Жұмағалиевке Әзербайжан қорғаныс өнеркәсібінің қызметі мен жетістіктері туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, министрлік қорғаныс өнімдерін әзірлеп, өндіріп, оны шетелдік мемлекеттерге әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде экспорттайды.

Сапар барысында қазақстандық делегация басшысы электронды есептеу машиналары (ЭЕМ) зауытының, «ASANxidmet» орталығының (қазақстандық ХҚКО аналогы) жұмысымен танысты, сондай-ақ жоғары технологиялар паркінде болып, онда CiscoSystems, HuaweiTechnologies, Lenovo / Nutanix HP / Bestcomp / HTech Investment, SAP, Oracle, Dell компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Соңғы жаңалықтар