Бакуде алты адамды қарақұрт шаққан

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Тамыз айында Әзербайжанның Клиникалық медициналық орталығының токсикология бөліміне қарақұрт шаққан алты адам және сары шаян шаққанын айтып шағымданған сегіз адам жатқызылды.

Бұл жөнінде бейсенбі күні Токсикология бөлімінің меңгерушісі Азер Магсудов мәлім етті, деп хабарлайды Trend агенттігі.

Оның айтуынша, қарақұрт шақты деп шағымданған адамдардың басым бөлігі Баку маңайының тұрғындары болып шыққан.

Магсудов тамыз айында 14 адамға жылан шағу диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылғанын айтты. Статистикаға сәйкес, жылан шаққандардың көпшілігі Ширван қаласының, сондай-ақ Гаджиғабул, Евлах, Бардин, Курдемир, Габали аудандарының тұрғындары болып отыр.

Соңғы жаңалықтар