+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Бакуде Абайға орнатылған ескерткіш тақта жаңартылды

2020 жылғы 10 тамыз 19:30
Бөлісіңіз:
Бакуде Абайға орнатылған ескерткіш тақта жаңартылды

БАКУ. ҚазАқпарат –Әзербайжан астанасында Абай күні аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция басталды Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр Францияда Абай мұрасын насихаттап жүрген қазақ қызы мәдениет саласының үздігі атанды

Қазақстан елшісі С.Әбдікәрімов өз сөзінде Әзербайжан басшылығына Баку қаласының көшелерінің біріне шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани байлығы саналатын, болашақ ұрпақ үшін маңызы зор Абай Құнанбаевтың есімін бергені үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, ол мерейтойлық жылдың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» мақаласымен, сондай-ақ халықаралық және ұлттық деңгейде ұлы қазақ ақыны және ағартушысының 175 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі тиісті жарлығымен басталғанын атап өтті.

«Абай шығармаларына тоқтала отырып, біз оның әрдайым ұлттың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқанын көреміз. Ол қазақ халқының тынымсыз білім алып, дамығанын шын жүректен тіледі. «Ғылым таппай мақтанба», – деп, биіктерге жету үшін білім алу қажеттілігі туралы айтты. Абай қазақтарды балаларын мектептерге беруге шақырды. Меценаттар табылып, Баянауылда, Жетісуда мектептер ашылды. Үздік оқушылар Мәскеу мен Санкт-Петербургте білімін жалғастырды. Оның шәкірттері қазақ халқының жерге құқығы үшін, өзін-өзі басқаруы үшін, ұлттық мәдениет пен дәстүрді, тілді сақтап қалуы үшін күрескен «Алаш» партиясының құрамында болды», - деп атап өтті елші.

«Бүгінде бүкіл түркі әлемі қазақ халқының ұлы, бүкіл түркі әлемінің көрнекті қайраткері, ақын, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері Абайдың мерейтойын атап өтуде. Оның тұлғасы, бізге қалдырған орасан зор мұрасы, шығармалары қазақ халқының ұлттық санасына баға жетпес үлес қосты, сондай-ақ түркі әлемінің халықтарына да үлкен әсер етті. Бүгінгі Абайдың ескерткіш тақтасының ашылуына және осы бастамаға үлкен ықыласпен қолдау білдіремін. Бұл - қазақ және әзербайжан халқының достығының бейнесі», - деді Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Г. Эфендиева.

Абайдың туған күніне орай, қазақстандық дипломаттар қарапайым сыйлық ретінде мемориалдық тақтаның жанына Баку тұрғындарының демалуына арналған орындықтар орнатты. Акция Абайдың өлеңі мен әніне жазылған «Желсіз түнде жарық ай» музыкалық шығармасымен аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT