Бақтықожа Ізмұхамбетов Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланды

2016 жылғы 21 маусым, 10:51
Бақтықожа Ізмұхамбетов Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Өмірзақ Озғанбаевтың өз еркімен орнын босатуы және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды.

Төралқа мүшелері «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы лауазымына Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Төралқа отырысының қорытындысы бойынша Б. Ізмұхамбетовті Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушының лауазымына тағайындау және оның кандидатурасын кезекті пленумда қарауға шығару туралы қаулы қабылданды.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасының орынбасары лауазымына Ө. Озғанбаевтың кандидатурасы мақұлданды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar