«Бақты» жағынан қытайлық өткізу пункті жабық күйінде қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай тарапындағы дезинфекция жабдықтарын қысқы маусымына дайындық жұмыстарының жалғасуына байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 10 қазанға дейін жабылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіе сілтем жасап хабарлайды.

«Шекарадан өтуді қалайтын тасымалдаушылардан көрші елдегі іс-шараларды ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген комитет хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар